Баспасөз қызметінің жетекшісі Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, Медеу ауданы Тәтібеков 10 мекенжайында орналасқан қоймалардың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскі 12:28-де түскен.
«Өрт сөндірушілер шатырды жалмаған тілсіз жаудың жапсарлас тұрған ғимараттарды шарпуының алдын алды. Қызыл жалын 400 шаршы метр аумақты жалмады. Өрт 13:17-де ауыздықталды», - деді Сандуғаш Баймұхамбетова.
Оның айтуынша, қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.