«Эйр Астана» әуе компаниясының бір рейсі, атап айтқанда, «Астана-Алматы» (келу уақыты- 8:32) бағытындағы КС 622 ұшағы өз уақытында қона алмай, Астанаға қайта оралды.
3 әуе кемесінің экипаждары - bmi, Turkish Airlines және Чехия әуе жолдары компаниялары, қосалқы аэдромдарға қонбай, көру мүмкіндігі жақсарғанша күте тұруға шешім қабылдады. Нәтижесінде bmi компаниясының әуе кемесі ұшағы ұшып-қону алаңына 9.39-да (келу уақыты 8.40), Turkish Airlines 9.52-де (8.33) және «Чехия әуежелілерінің» ұшағы 9.31-де (9.05) сәтті қонды. Олар қалың тұманның салдарынан уақытында жерге қона алмады.
Бұған дейін 6 рейс көру мүмкіндігі 25/125 метр және 20/125 метр болуына байланысты қосалқы аэродромдарға барып қонды. Бұл әуе кемелерінің экипаждары ІІІ В санаты бойынша сертификатталмаған.
Қосалқы аэродромдарға «Бішкек-Алматы» бағытындағы «Эйр Астана» әуе компаниясының КС 110 ұшағы, «Санкт-Петербор» бағытындағы «Эйр Астананың» КС 136 ұшағы, «Самара-Алматы» бағытындағы «Эйр Астананың» КС 146 ұшағы, VV 429 Аэро Свифт (Украина) компаниясының «Киев-Алматы» бағытындағы ұшағы, Turkish Airlines компаниясының TK 350 «Ыстамбұл-Алматы» бағытындағы және Трансаэро компаниясының UN 205 «Мәскеу-Алматы» ұшақтары қонды.
Қазіргі уақытта Алматы әуежайының аэродромында ұшу үшін ауа райы қолайлы.