16 қарашаға дейін созылатын бұл көрмеге 500-ден астам пейзаж, портрет, сәулет, репортаж суреттері, макро суреттер және басқа да жанрдағы фотожұмыстар қойылып отыр. Онда фотосуретшілер күнделікті өмірдегі «көзге көрінетіндерді» тауып, көрсету арқылы қоршаған орта көріністеріне өз көзқарасын білдірген.
Жалпы Сергей Варыгин фотомектебінің негізі 2010 жылы қаланған болатын. Онда әуесқой фотографтарға дәріс берумен қатар, кәсіпқойлар үшін де арнайы курстар ұсынылады.