деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Конституциясының тарихы жайында баяндайтын көрмеде дала заңынан тамыр тартқан Ата заңымыздың тарихына ерекше мән берілген. Қазақтың дала заңдары туралы мәліметтер, сондай-ақ Кеңес үкіметі тұсындағы Конституциялар шешіре тарихымен толықтырылған. Көрмеге сонымен қатар бүгінгі тәуелсіз еліміздің Ата заңы, мемлекеттік нышандар қойылған. Сондай-ақ, еліміздің қазіргі таңдағы жеткен жетістіктері туралы фотосуреттер орналасқан.
Тарих ғылымдарының докторы Едіге Уәлихановтың айтуынша, "Конституцияның негіздері бағзы заманнан қалыптасқан, оның ежелден далалық, демократиялық үлгісі болды. Қазақ хандығы құрылған кезде ол халықтың арасында үлкен орын алды.Қазақ хандары осы далалық, демократиялық үлгідегі заңды дамытты. Көптеген тарихшылар ол заңдардың үлгілерін сақталған жоқ дейді. Оның үлгісі сол кездегі жырларда, қазақ ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде айтылып, сонымен сақталып қалды", деді ол.
Осы заңдардың басты мақсаты - жауға тойтарыс беру, қоғамды біріктіру болды. Кеңес заманында отаршылдықты жою белең алып, хандықты жою, билердің билігін тартып алу, қауымдық билікті өзгерту сынды өзгерістер болды. Осы жылдары арнайы "далалық, демократиялық үлгіні" сақтап қалу үшін арнайы комиссия құрылды. Онда Шоқан Уәлиханов қызмет етіп, билік соты мен қызметін, ең керекті деген негізгі заңдарды қоғамдық құрылым деп атап өткен еді. Қазан төңкерісіне дейін билер соты сақталып келді. Өзгеріске ұшырағанмен бүгінде ол негізгі белгілерін, атап айтқанда, біртұтас қоғам, ел бірлігі, егеменді ел өзін-өзі қорғау керек деген басты белгілерін жоғалтқан жоқ", деп атап өтті тарих ғылымдарының докторы Едіге Уәлиханов.