12:54, 16 Сәуір 2009
Алматыда ҚР Президенті кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында II халықаралық турнир өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сәуірдің 26-сы мен 30- ы аралығында Алматыда ҚР Президенті кубогы үшін футболдан жасөспірімдер арасында II халықаралық турнир өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, жарысқа жасы 17 ден аспаған жасөспірімдерден құралған клубтар қатысады. Бас жүлде үшін Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), ЦСКА (Мәскеу), «Рубин» (Қазан), Бразилияның «Оле Бразил» (Сан-Паулу), Голландияның «АДО ден Хааг» (Гаага), Әзірбайжанның «Академия» (Баку), Қырғызстанның «Абдыш-Ата» (Қант) және былтыр қалалар мен облыс құрамалары арасындағы ел біріншілігінде жеңіске жеткен Қазақстанның «Семей-93» (Семей) футбол мектептерінің шәкірттері таласады. Биыл турнирдің ойындары «Football Land» спорт кешенінде, сондай-ақ Орталық стадионда болады. Айта кетейік, былтыр бұл турнирдің бас жүлдесін Түркияның «Бешикташ» командасы жеңіп алған болатын. Олар финалда Ресейдің ЦСКА-сын 3:1 есебімен жеңді.