Алматыда ҚР Президенті Н. Назарбаевты ұлықтау құрметіне флеш-моб өтті (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті саябағы алдында президенттікке қайта сайланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне флеш-моб өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акцияға қатысушылар көңілді музыканың әуеніне қарай үйлесімді қимылдай отырып, «Жаса Қазақстан!» деп ұрандатты.

Флеш-мобқа 1000-ға жуық адам қатысты. Олардың арасында қаладағы колледждердің, жоғары оқу орындарының студенттері және үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де болды.