Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті қоры соғыс ардагерлеріне арналған шара өткізуде

АЛМАТЫ. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті қоры Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған соғыс ардагерлеріне арналған мерекелік  шара өткізуде.

 ОғанҰлы Отан соғысының және тыл еңбеккерлері мен жауынгер-интернационалистер шақырылған. Мақсат -  Жеңіс күнін жақындатқан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, қоғамның назарын жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесіне аудару.

Онда бағдарлама бойынша мереке қонақтары дәстүрлі жауынгер ботқасынан дәм татып,  майдан әндері мен билерін тамашалайды. Ардагерлер  бұл шара кезінде  Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының орындаушылары Дулат Тоқанов, Андрей Трегубенко және  Олег Татомировтармен  бірге «Эх, дороги...», «Молдаванка», «Журавли», «Жеңіс күні» сияқты сүйікті әндерін қосылып шырқайды. Сондай-ақ Қазақстанның аэроұтқыр қарулы күштер сарбаздары қонақтарға жекпе-жектегі шеберліктерін көрсетеді.