АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына тендер жарияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Мәйтті өртеуге арналған нысан бір үлкен бөлме мен екі пештен тұратын болады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 46 млн теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Айта кету керек, Қазақстанда бір де-бір крематорий жоқ. Оның құрылысы туралы мәселе мерзімді баспасөзде жиі айтылады. Крематорий Жылу электр орталығының жанында салынуы мүмкін.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.