«Крематорийдің құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Крематорийді 2022 жылдың мамырында қосу жоспарда»,- деп жауап берді қала әкімдігінен ҚазАқпарат жолдаған сауалға.
Келісімшартқа сәйкес, крематорий Алматы қаласы, Алатау ауданы Ақын Сара көшесінің солтүстік бөлігінде, ЖЭО-2 шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанынан (сыртқы инженерлік желілерсіз) салынды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда крематорийдің жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ мәйтті кремацияға қабылдау ережелері әзірленуде.
Айта кетейік, 2020 жылдың жазында крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын жасауға тендер жарияланған болатын.
Тапсырыс беруші – Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы.
Құрылыс құны – 1,3 млрд теңге.