АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Күдерин көшесінің Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігі 5 күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол қозғалысы түнгі уақытта жабылатын болады.
15-20 қыркүйек аралығында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін Күдерин көшесінің Райымбек даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және өз бағыттарыңызды алдын ала түзетулеріңізді сұраймыз», - деді қалалық мобильділік басқармасында.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.