«Қазір осы дерек бойынша Алматы қалалық Ішкі істер департаментінде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша күдіктінің сот ғимаратынан қашып шығуына жол берген полиция қызметкерлері жауапқа тартылатын болады. Олар тіпті ішкі істер органдарынан шығарылуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін Алматы полициясының күдікті - 1991 жылы туған Д. Досмағамбетовті қайта қолға түсіргендігі жайлы хабарланған болатын. Ол мұның алдында өзіне қатысты сотқа дейінгі тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сотқа жеткізілген еді. Алайда, күдікті амалын тауып, сот ғимаратынан қашып шыққан. Бірақ, кейін ұсталды.
Қазір, Д. Досмағамбетовке ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-ші тармағының 2-ші және 3-ші бөлімдерінде қарастырылған қылмыстарды (бөгденің мүлкін ұрлау) жасаған деген күдік тағылып отыр.
Белгілі болғанындай, ол бұған дейін де осы тектес қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.