«Қазгидрометтің» ескертуіне сәйкес 4 қараша күні Алматыда қалың қар жаууы ықтимал. Күндіз және түнде тұман, кей уақытта көктайғақ болады. Ауа температурасы күрт төмендеп, күндіз 3-5 градус аяз болса, түнде 6-8 грудусқа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.
Осы орайда қалалық ТЖД жүргізушілерден көліктерін көшеде қалдырмай, автотұраққа қою керектігін ескертеді.
Сондай-ақ, көліктерді жарық желісі тартылған жерден аулақ қою керектігін еске салады.
Одан бөлек, көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді тайғақ жолда сақ болуға шақырады.
Айта кетсек, бүгін Қазақстанның бірқатар облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды.