«Оны ҚР Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі мен Қазақстан баспасөз клубы бірігіп ұйымдастырды. Семинар жұмысы аймақтық қазақ және орыс тілді БАҚ өкілдері үшін 2 топта жүргізуде. Журналистер онда бағалы қағаздарды сатып алу, сату және қазақстандықтардың қор нарығы қызметіне қатысуы мен құнды қағаздар нарығының көкейкесті мәселелерімен таныса алады», дейді ҚР Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігінің баспасөз хатшысы Гүлмира Арбабаева. Агенттік бұған дейін 2007-2009 жылдар аралығында БАҚ өкілдері үшін ақпаратық 9 білім беру семинарын өткізген болатын. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 120-дан астам журналистер қатысты. Онда «Қор нарығы: қызмет ету негіздері», «Қор нарығы: талдамалық практикум», «Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржы сауаттылығын арттыру», «Ислам қаржы құралдары» тәрізді түрлі тақырыптар қарастырылды.
12:52, 29 Маусым 2010
Алматыда құнды қағаздар нарығының негіздері туралы ақпараттық білім беру семинары өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Құнды қағаздар нарығының негіздері» деген тақырыпта аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған 2 күндік білім беру семинары өтіп жатыр.