Алматыда күннің ыстығынан автобус өртеніп кетті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әл-Фараби даңғылында батысқа бағыт алған Mitsubishi Delica маркалы шағын автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолдағы көпшіліктің көмегіне қарамастан, көлік аздаған уақытта темір қаңқаға айналды.

Жүргізушінің айтуынша, өрт қозғалтқыш бөлігінен тұтанған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жау аптап ыстықтан да тұтануы ғажап еместігін айтқан. Қазір өрттің шығу себептерін анықтау үшін сараптама тағайындалды.

Айта кету керек, осыдан 3 күн бұрын синоптиктер Алматыда аптап ыстық болатынын ескертіп еді.

Бүгін көлеңкеде ауа температурасы 39 градус болса, көлік ішінде сынап бағанасы 50 градусқа дейін жетті.

Ауа райын болжаушылар, келесі аптада Алматыда жауын жаууы ықтимал деп отыр. 

Almaty/online: ВОАД горит делика 15:30 👆 #Алматы #Астана #Караганда #Шымкент #Туркестан #Жетысай #Сарыагаш #Актобе #Атырау #Павлодар #Тараз #Кызылорда #Семей #Кокшетау #Темиртау #Жезказган #Балхаш #Талдыкорган #Костанай #Орал #Петропавл #Оскемен #Актау #Экибастуз #Мангистау #Kz

Публикация от Online #1ViP@kris_p_almaty🇰🇿 (@kris_p_almaty) Июл 8 2017 в 2:39 PDT

Соңғы жаңалықтар