Алматыда құрама жем комбинатының қоймасы өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сүйінбай көшесі бойындағы «Алтын диірмен» құрама жем комбинатының қоймасы отқа оранды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Қойманың шатыры жанып кеткені анықталды, жалынның басқа қойма орындарына тарау қаупі болған. Өрт туралы хабар 13:09-да түсті. 13:57-де өрт сөндіріліп, 14:23-те тілсіз жау толықтай ауыздықталды.

Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 50 адам, 11 негізгі техника, 7 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.