Алматыда Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория өнер шеберлерінің мерекелік Гала-концерті өтеді

АЛМАТЫ.  19 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда наурыздың 28-і күні Республика Сарайында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы өнер шеберлерінің мерекелік Гала-концерті болады.

Концертке аталмыш оқу орнының студенттік симфониялық оркестрі, хоры, халық аспаптар оркестрі, үрмелі оркестрі, домбырашылар, скрипкашылар ансамблі, пианистер квинтеті, «Аңсар» тенорлар квинтеті, «Тұран» фольклорлы-этнографиялық  ансамблі өнер көрсететін болады.  Шара ҚР халық әртісі, оқу орданың басшысы  Жәния Әубәкірованың жетекшілігімен өтеді.

 Концерттің басталуы сағат 19:00-де.