«Алдын ала деректерге сәйкес, мұнара кранын бөлшектеу процесінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан жебе секциясы (жебе секциясы дұрыс бекітілмеген) аударылып кеткен. Жазатайым оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Оның біреуі оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі басынан жарақат алған және медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді», - деп атап өтеді комитеттен.
Ведомствоның мәліметінше, құрылыстың тоқтап қалуына байланысты 2021 жылғы қарашадан бастап кран пайдаланылмаған.
Бұған дейін Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір адам мерт болғанын хабарлаған едік.