Алматыда құрылыс базасының аумағында тоқ соққан 6 жасар бала мерт болды

АСТАНА. 13 желтоқсан.ҚазАқпарат - Алматыда құрылыс базасының аумағында электр тоғына жарақаттанып, 6 жасар бала мерт болды.

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, 12 желтоқсан күні, кешқұрым, Түрксіб ауданындағы «Строй-Март» ЖШС-ның құрылыс базасының аумағында, абайсызда электр тоғына ұрынып, оқиға орнында 2005 жылы туған бала көз жұмды. Анықталғандай, сәби Ресей Федерациясының азаматшасы.