Қазір реанимациялық бригада ер адамды №4 аруханаға шұғыл алып бара жатыр.
Қалалық Жедел жәрдем стансасының баспасөз хатшысы Гаухар Нөкербекованың айтуынша, ер адамның жағдайы өте ауыр.
Оқиға куәгері Индира Хаметчинаның сөзіне қарағанда, құрылыс жұмыстары барысында жарылыс болған. Соның салдарынан сол жердегі жұмыскерлердің бірін күйік шалды.
Ал жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі жарылыс болғанын жоққа шығарды.