Алматыда құрылыс нысанында биіктіктен құлап бір жұмысшы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Бағанашыл-2 шағынауданында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанда оқыс оқиға орын алды.

Атап айтқанда, жаңадан салынып жатқан «Наурыз» тұрғын үй кешенінде түскі сағат 3-тер шамасында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Сәт Жол Тechnologles» ЖШС жұмысшысы М.Рашиденов құлап кеткен. 5-ші қабаттағы биіктіктен құлап кеткен 1959 жылы туған азамат оқиға орнында мерт болды.