Алматыда құрылыс нысанының 3-ші қабатына құлап, жұмысшы мерт болды

ТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда құрылыс нысанының 3-ші қабатына құлап, жұмысшы мерт болды.

ҚР ТЖМ таратқан ақпаратқа сүйенсек, дүйсенбі, 17 қазанда Алматының «Алмалы» ауданында жаңадан бой көтеріп жатқан «Жайлы» тұрғын үй кешенінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында «СЕРТ» АҚ-ның 36 жастағы жұмысшысы 3 қабатты биіктіктен құлап кетіп, сол орында өлім құшты.