Алматыда құрылыс жоспарлағанда балалар орталықтары үшін орын қарастырылады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада көпқабатты тұрғын үйлерді жоспарлаған кезде балаларға арналған шағын орталықтар үшін бірінші қабаттағы орындар бөлінетіні туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаладағы тұрғындар саныныңөсуі балабақшалар құрылысы қарқынан асып отыр. Балабақшалардағы кезектер саныжыл сайын артып, бүгінде 56 мың орынды (1-6 жас аралығындағы балалар) құрапотыр. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және балабақшаларда оқытумен қамту84% құрайды», - деді Бақытжан Сағынтаев білім беру жүйесі қызметкерлерініңфорумында.

Әкімнің айтуынша, тағы бірмәселе – жеке балабақшаларды субсидиялау бойынша шаралар қолданылып жатқанымен,ата-аналар үшін төлем сомасы жоғары болып отыр.

Осылайша, балабақшаларата-аналармен қосымша қызметтер үшін келісім жасап, нәтижесінде жекебалабақшалардағы білім беру құны 50-70 мың теңгеге барады. Оған қоса, мемлекетәр бала үшін 28 мың теңге төлеп отыр.

«Білім басқармасы осындайкелісімдерге талдау жүргізіп, көрсетіліп жатқан қызметтер бағасын қайта қарауыкерек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғандай, бізге балабақшалардағыбалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейту керек. Бұданбөлек, жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен шағын орталықтардағытәрбиешілер білім беру процесінде Мемлекеттік стандарт талаптарына жүгінуіқажет», - деп атап өтті әкім.

Бақытжан Сағынтаев Үкіметтеқаладағы балалар бақшаларында мемлекеттік білім беру тапсырысы үшін қаржыныкөбейту мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді.

«Ішкі көші-қон мен туукөрсеткішінің өсуіне байланысты балалар контингентінің жыл сайынғы өсімінесепке алғанда, бұл Алматы үшін маңызды. Алдағы үш жылда қала қазынасы 6,5 млрдтеңгеге толығады. Біз оны балабақшалардағы орын жетіспеушілігін азайтуғажұмсаймыз», - деді әкім.

Сондай-ақ, әкімдік мектепкедейінгі білім беру мекемелерінің қолжетімділік мәселелерін ақырын шешетінболады.

«Біз қаладағы көпқабаттытұрғын үйлерді жоспарлаған кезде балалар шағын орталықтары үшін біріншіқабаттағы орындар бөлінетіні туралы шешім қабылдадық», - деді БақытжанСағынтаев.

Еске салайық, Алматы әкімі жасмұғалімдерге ақшалай көмек бөледі.

Автор: Данияр Дауталиев

Соңғы жаңалықтар