деп хабарлайды ҚазАқпарат.
В. Долженков құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтай келе осы уақытқа дейін олардың атқарған еңбектеріне тоқталып, қаламыздың көркеюіне қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.
«Қазір қаламызда метро туннелдері мен басқада құрылыс нысандарының жұмысы қызу жүріп жатыр. Жылу беру, коммуналды құбырларды ауыстыруда да көптеген істер атқарылып жатыр. Осы уақытқа дейін 400 мыңға жуық шаршы метрлі тұрғын үй салып өткізсек, тамыз айының соңына қарай тағы 100 мыңын өткізіп жыл соңына қарай миллионға жеткіземіз деп ойлаймын», деп атап өтті өз сөзінде Виктор Долженков.
Сонымен қатар ол дағдарысқа байланысты жұмысы тоқтап қалған құрылыс нысандары мен үлескерлердің мүддесін қорғау мақсатында ел қазынасынан 63 миллиард қаржы бөлінгенін жеткізді.
Сондай-ақ ол құрылыс саласында жоғары дәрежелі көрсеткіштерге қол жеткізіп, аянбай еңбек еткен құрылыс компанияларының басшыларын қала әкімінің атынан құттықтап, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төс белгісін табыс етті.