7 команда қатысқан бұл жарыста апаттан-құтқару отрядының бірінші командасы жеңімпаз атанды. Ал 2-3 орынды автошаруашылық пен апаттан-құтқару отрядының екінші командасы өзара бөлісті. Сондай-ақ апаттан-құтқару отрядының мүшесі Қайсар Мыңжасаров «турнирдің үздік ойыншысы» атанды. Ал оның әріптесі Жасұлан Бұғыбаев «үздік қақпашы» деп танылды.
20:37, 31 Тамыз 2012
Алматыда құтқарушылар арасында шағын футбол турнирі өтті
АЛМАТЫ. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Конституция күніне орай «Алматы құтқару қызметі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қызметкерлері шағын футбол турнирін өткізді.