Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 5 тамызда сағат 16:26-да 101 пультіне Жетісу ауданы Есенов көшесі 55 мекенжайындағы куәгерлерден өрт туралы бірнеше қоңырау түсе бастады.
ТЖД күштері мен құралдары дереу жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өрт орнына жіберілді. Сағат 16:33-да «Pana Inn» қонақүйінің 3 қабатты ғимаратының үй-жайларының бірінде жиһаз жанып, улы түтін пайда болғанын анықтады.
Барлау жұмысы және өртті сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің өкілдері терезелерге баспалдақтарды орнату арқылы екінші қабаттан 4 адам эвакуациялап, екінші және үшінші қабаттардан 3 адам құтқарды.
Олардың бірін өрт сөндірушілер қонақүйдің үшінші қабатынан құтқарды. Ол үрейге берілмей кондиционері орнатылған терезенің жанында құтқарушылардың көмегін күтіп отырған.
Өрт сағат 16.41-де сөндірілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
«Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында Алматы қаласы ТЖД мен өзара іс-қимыл қызметтері, сондай ақ 25 өрт сөндіруші және 7 техникасы жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.