«Біз қазір жазылып шыққан науқастарды қайта оңалту шараларын қолға алып жатырмыз. Осы бағытта қалалық бағдарлама жасалып жатыр. Бұл бағдарлама ауырып шыққан науқастарды бақылау, емдеу, оңалтуға бағытталған. Бұл өте маңызды, себебі әлемдегі көптеген ғалымдар коронавирустан кейін біршама уақыттан соң да бірқатар асқыну болатынын айқындап жатыр. Осы бағытта да жұмыс басталады», - деді Камалжан Надыров.
Жалпы Алматыда соңғы 15 күнде ауру деңгейі 7 есе төмендеген. Барлығы 9 306 адам сауығып шықты, бұл дегеніміз жұқтырған адамның 68% пайызы жазылды.