Алматы қаласында телемедицина орталығының қызметкерлері коронавирус жұқтырған және ауырған 3 мыңнан астам науқасқа қашықтан кеңес береді әрі күн сайын мониторинг жүргізеді.
Бүгінде орталық дәрігерлері 3527 науқас пен стационардан шыққан 49 пациентті бақылауға алды.
Күн сайын 2500-3000 кіріс және шығыс қоңырау байланыстары қаралады.
«Біз МСАК ұйымдарының қызметкерлерімен жүргізген офлайн кеңестен соң телемедицина орталығы мамандары онлайн түрінде кеңес береді және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауратын пациенттер бойынша мониторинг жүргіземіз. Емделуге жатқызуға көрсеткіштер болған кезде ТМО мобильді бригада немесе жедел жәрдем шақырады. Пациенттерді тиісті медициналық көмек көрсету үшін стационарларға жібереміз» - дейді ТМО басшының міндетін атқарушы Жұлдыз Бауыржанқызы.
Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындарынан COVID-19 ауруына шалдыққандарға медициналық көмек көрсету мәселесі жөніндегі кіріс қоңыраулар түскен кезде, мамандар жедел қабылдап, тұрғынның тұратын аумақтылығы бойынша қала тұрғынына медициналық көмек көрсету үшін емханаға жібереді, сондай-ақ, вакцинация мәселесі бойынша кеңес береді.
Айта кетейік, телемедицина орталығы үйде ем қабылдап жатқан COVID-19-бен ауратын пациенттерге көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын.
Орталық пациенттерге, сондай-ақ, қауіп тобына кіретіндермен қашықтан бақылау мен консультация жүргізеді.
Телемедицина орталығына тәулік бойы мына телефонмен хабарласуға болады: 8 (727) 300 505, ұялы телефоннан - 1312.