деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бірінші том - «Білім» баспасынан, 2000 данамен жарық көрген. Оқу құралы - музыка мектептері мен музыка колледждеріне, консерватория мен өнер, музыка академиясының студенттеріне және жалпы өнер сүйер қауымға арналған. Қомақты еңбек автордың отыз жылдан астам уақыт жүргізіп келген ұстаздық тәжірибесі мен ғылыми-педагогикалық ізденісінің нәтижесінде дүниеге келген.
Тұсаукесер салтанатына рецензенттер мен кітапты шығарған баспагерлер, белгілі өнер қайраткерлері мен педагогтар, өнер зерттеушілер мен танымал журналистер қатысты.
«Бұл менің 30 жылдан астам уақытымды арнап, көптен күткен, жинап, дайындаған жұмысым. Қылқобызды бітіргендердің ішінде алғашқылардың бірі болғандықтан, ұстаздарымның ізін басып келе жатқандықтан бұл еңбек менің мойнымдағы міндет сияқты болды. Кітапты дайындағаннан кейін 10 шақты жыл шығара алмай жүрдім» деді кітаптың авторы Әбдіманап Жұмабекұлы.
«Бұл хрестоматия - еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі тұңғыш рет жарық көріп отырған, біздің ұстаздар мен жалпы өнер сүйер қауымға өте таптырмайтын құрал. Көптен күтілген Әбдіманап Жұмабекұлының еңбегін мақтан етуіміз керек», деді ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, Күләш Байсейітова атындағы РММОМИ-дің директоры Оқан Абдуллаев.