Бұл жайлы бүгін Қазақстан полициясының 20 жылдық мерекесін атап өтуге арналған салтанатты жиын кезінде айтылды.
«Бес айдың қорытындысы бойынша қалада тіркелген адам өлтіру қылмысы 22 пайызға азайды. Сондай-ақ өтемақы талап ету мақсатында адам ұрлау 47 пайыздан астам және заңсыз есірткі құралдары айнамына байланысты қылмыстар 25 пайызға кеміді. Күн сайын қоғамдық тәртіпті қорғауға 2,5 мың полиция қызметкері мен ішкі әскерде қызмет етушілер және полицяның қоғамдық көмекшілері тартылады», - дейді А.Есімов. Қала басшысының айтуынша, жедел іздестіру шаралары кезінде қылмыстық әлемнің 2 серкесі, 6 беделді тұлғасы және ұйымдасқан қылмыстық топтардың 21 мүшесі ұсталып, жауапқа тартылды. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ құрудың 2 фактісі әшкереленді.