деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Бас прокуратура, Жоғарғы сот және "Адам құқықтары үшін хартиясы" қоғамдық қоры бірігіп ұйымдастырып отыр. Алқалы жиынның жұмысы 2 секция бойынша өтпек. Алғашқысы, "Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясатының жарық көруіне байланысты декриминализация және депенализация мәселелері" деп аталады. Онда Бас прокуратура институтының директоры Сарқытбек Молдабеков, ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Сәттібек Оңғарбаев, ҚР-ның Адам құқығы бойынша уәкілетті өкілі Асқар Шәкіров, Парламент Мәжілісінің заң және сот-құқық реформасы комитетінің хатшысы Светлана Бычкова, Әділет министрлігінің Заң департаментінің директоры Азамат Есқараев, халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры Сәуле Мектепбаева және тағы басқалар баяндама жасауда. Ал "ҚР Қылмыстық-орындау жүйесін реформалаудың перспективалары" деген тақырыптағы екінші секцияда Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Мейрам Аюбаев, Парламент Мәжілісінің заң және сот-құқық реформасы комитетінің мүшесі Серік Темірболатов, Бас Прокуратураның басқарма бастығы Берік Жақаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгеруші Рима Жансараеваның баяндамалары жоспарланып отыр.