Алынған заттардың алдын ала бөлшек сауда құны 2 млрд астам теңгені құрайды. Олардың қатарында жалпы құны 261 млн теңгеге 367 шығыс қолжазбасы (ХІ - ХІХ ғ.ғ.) мен литографикалық (ХVІІІ ғ. - ХХ ғ. басы) кітаптар, құны 1.5 млрд теңгеден артық Пабло Пикассо картинасы, қылыштар, мылтықтар, картиналар, вазалар мен басқа да мәдени-тарихи құндылықтар бар. Тарихи құндылығын нақтылау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 234-бабы 2-бөлімімен (Экономикалық контрабанда) көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.