Арнайы операция қала шағын аудандарының бірінде өткен күндері жүзеге асырылған. Алматы қалалық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы, полковник Валерий Козловтың айтуынша, ұстау шарасын «Арлан» арнайы жасағы жүзеге асырған. Күдіктіні ұстау кезінде оның бойынан 5,6 мм калибрлі 6 патроны бар тапанша табылған.
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының тұрғыны 45 жасар Т. қазіргі кезде уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Аталған азамат 2006 жылы да заңсыз қару сақтағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған болатын.