деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырысқа Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның, Парламенттің, Жоғарғы соттың, Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, ІІМ-нің өкілдері, сарапшылар, қоғамдық институттардың қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында қылмыстық заңдылықтарды жетілдіру мәселелері жан-жақты талқыланып, арнайы ұсыныстар топтамасы қабылданды.
Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Роговтың айтуынша, Елбасы Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы ұлттық құқық пен Ата заң принциптерін ары қарай дамытуға мүмкіндік береді. Құжатта құқықтық саясатты дамыту мәселесіне басымдылық берілген.
«Бұл мемлекеттің құқықтық саясатын дамытуға бағытталған маңызды құжат болып табылады. Мұнда қарастырылған кешенді шаралардың нәтижесінде қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқарушылық және құқықты пайдалану мәселелері жетілдіріледі. Тұжырымдамада қылмыстық заңдылықтың Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісімдердің принциптері мен нормаларына сәйкес келуіне де баса назар аударылған», дейді И.Рогов.
Бас прокурор Қайрат Мәмидің айтуынша, тұжырымдамада көзделген қылмыстық заңдылық қылмысты ізгілендіру мен жазалау, қоғамның қорғалмаған әлеуметтік топтары - екіқабат, жалғызбасты әйелдерді қорғауды, бұнымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарды жазалауды көздейді. Бұл тұрғыда алғанда, құқықтық тұжырымдаманың берері мол.
Отырыс барысында бірқатар ұсыныстар жасалып, құзырлы органдарға ұсынылатын болады.