Көршілес әрі бауырлас елдегі қайғылы оқиғалар Орталық Азия елдері мен ТМД-дағы қоғамдастықтың кең аумағында алаңдаушылық туғызып отыр. Баршаға мәлім, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстандағы жағдайды алдыңғы қатарлы әлемдік державалар - АҚШ пен Ресейдің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесуде талқыға салды. Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға Қазақстанның сүбелі үлес қосуын әлемдік деңгейдегі беделді саясаткерлер мойындады.
Қырғызстандағы оқиғалар қоғамдастық пен саясаткерлердің орынды алаңдаушылығын туғызып қана қоймайды, ұстамды сараптамалық бағалау мен талдауды талап етеді. Жиын мақсаты - Қырғызстандағы қазіргі жағдайдың әлеуметтік-саяси мәнін айқындау. Көрші елдегі оқиғалардың негізгі қозғаушы салдары, олардың түпкі мән-маңызы қаралады. Мұнан басқа Қырғыз еліндегі жағдайдың одан әрі дамуын болжауға талап жасалмақ.
«Дөңгелек үстел» жиынына Қазақстанның мемлекеттік және тәуелсіз талдау жүйелерінің беделді сарапшылары, БАҚ-тар мен еліміздің бірқатар жетекші ЖОО-лары өкілдері қатысады.