Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның атап өтуінше, Алматы қаласының полиция қызметкерлері Қытай Халық Республикасының кәсіпкеріне қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Өзбекстан Республикасының 38 жастағы азаматы мен Павлодар қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады.
«Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Сонымен қатар олардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қарақшылық шабуылдың басқа да қатысушыларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда», - делінген баспасөз хабарламасында.