Алматыда «Баум» тоғайында қыздарды торуылдап, пышақпен қорқытып зорлап жүрген ер адам сотталды. Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
1991 жылы туған Айдарханов ҚК-нің 2-бабы 4-бөлімі «Жыныстық сипаттағы зорлау әрекеттері» бойынша сотталды», – деп жазды ол.
30 жастағы жігіт тоғайда қыз-келіншектерді торуылдап, оларды пышақтаймын деп қорқытып, зорлаған.
Тергеу барысында күдіктінің төрт қылмысқа қатысы бары анықталды.
Тергеуді Түрксіб аудандық полиция басқармасының тергеушілері жүргізді.