Халық ауыз әдебиетінің сандық үлгідегі жазбасы бүгін Ұлттық баспасөз клубында таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл бастама жырдың 500 жылдық мерейтойына орай қолға алынып отыр. Оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі шығарып отыр. Туындынының мақамы мен мәтінін Мұхтар Өтебаев пен Фарида Шәріпова дыбыстаған.
«Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болатбек Төлепбергеннің айтуынша, аталған шарадан басқа, «Қыз Жібек» жырын насихаттауға арналған тағы да бірқатар іс-шаралар қолға алынбақ.
«Қыз Жібек» жырын кеңінен насихаттау мақсатында Алматы қаласында қоғам қайраткерлерінің, тарихшы-ғалымдардың және музыканттардың қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі. Бұған қоса облыс аймақтарында республикалық дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыру жоспарланып отыр», - дейді Б. Төлепберген.
Сонымен қатар «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі «Қыз Жібек» жырының музыкалық-танымдық радио-спектаклін (радио-фильм) жасап, тыңдарман назарына ұсынбақ.