Алматыда қыздар арасында бильярдтан Қазақстан чемпионаты өтеді

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 31 қаңтар мен 5 ақпан күндері бильярдтың "Құрастырмалы пирамида"және "Еркін пирамида" түрлерінен Қазақстан чемпионаты болады.

  "Бастау" бильярд клубында өтетін бұл байрақты бәсекені  ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің қолдауымен   ҚР Бильярд спорты федерациясы ұйымдастырып отыр. Онда 30 қаңтар күні үміткерлер тіркеліп, 31 қаңтарда жеребе тартылады. Ал спортшылар 1-5 ақпан күндері алдымен топтық кездесу өткізеді. Олар 1-кезеңдегі іріктеу сынында  2-жеңіліске дейін өзара күш сынасып, өз тобында 1-2 орын алғандары 2-ақтық кезеңге өтеді.  Бұл сында жеңіліс тапқаны бірден жарыстан шығып, жеңімпаздар  ең үздігі анықталғанша сайысады. Райымжан Бузурходжаев бастаған қазылар алқасы төрелік ететін бұл жарыста 1-орын алған спортшы чемпионаттың алтын медалі және Кубокпен марапатталады. Ал 2-3 орын алғандар күміс және қола медальдар мен арнайы дипломдарға ие болады.