Алматыда қыздар арасында Құран жарысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2016 жылы мамыр айының 7-8 күндері «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында Құран жарысы өтеді, деп хабарлады www.muftyat.kz.

Жүлде қоры 3 500 000 теңге.

Қатысушының Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі; қатысушы талапкер 1 мамырға дейін тіркелуі қажет және ҚР азаматы болуы тиіс.