Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың мәліметіне сүйенсек, құқық бұзушылардың бәрі 30 АЕК (шамамен 87 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеген.
«Тағы 86 тұрғынның «қызыл» мәртебесі бола тұра қоғамдық орындарға келгені анықталды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14 күндік үй карантинін бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Бұл жолғы ұсталғандардың ішінде карантин талаптарын екінші рет бұзған екі адам бар», - деді Сәдуақас Байғабылов.