«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 267 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.
COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда -ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, бассейндер және тағы басқа нысандардың қызметтерін пайдалануға тырысты.
«Қызыл» статусы анықталған аталған тұрғындар «ASHYQ» жобасы бойынша жұмыс істейтін объектілерге жіберілмеді.
Өзін-өзі оқшаулау режимін кеңсе ұйымдары, әлеуметтік сала, білім беру ұйымдары, банктер, сауда, қаржы нарығы, әлеуметтік қызметтер, қоғамдық тамақтану және басқа да нысандардың қызметкерлері бұзады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.
Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.