Жол-көлік оқиғасы Саин көшесінің Юрий Ким көшесіне жанасқан аумағында болды. Джип Саиннан солтүстік бағытқа келе жатып, Шаляпин көшесіне бұрылу үшін оң қапталға шықпақ болған. Осы кезде Юрий Ким көшесінде тоқтап тұрған Toyota орнынан бірден қозғалып Саин көшесіне қарай оңға бұрылады.
Соқтығысу салдарынан Toyota машинасының жартысы жапырылып, ұшып кеткен, ал джип ағашқа соғылған. Toyota жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Апатқа кімнің айыпты екендігін полиция анықтайтын болады.