Комендатура мәліметінше, Алатау және Медеу аудандарының аумағында лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
«Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1678 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 36 бірлік атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Алматының шетінде орналасқан 5 блок- бекетте 38 адам ұсталды. «102» пультіне 881 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-центріне азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 136 дабыл түсті. Барлық хабарлама өнделді»,- деді Алматы қаласының коменданты Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.
« Мен Алматы қаласының коменданты ретінде азаматтарға үндеу жолдаймын. Араңдатушыларға ермей тек ресми деректерден алынған ақпараттарды қолданыңыздар. Заң талаптарын қатаң сақтап, қолданылып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын», - деді ол.