Ол бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен «Өңір» депутаттық тобының мәжілісінде айтты.
В.Божконың сөзіне қарағанда, қазір Алматыда жауын-шашын молынан жауып жатыр. «Бізде қазірдің өзінде кейбір аймақтарда лай көшкіні ақырындап жылжи бастағандығы жөнінде мәлімет бар. Төтенше жағдайлар министрлігі осы қауіп-қатерлерді геологиялық қызметпен және әкімдіктермен бірлесіп, жіті бақылап отыр»,-деді ол.