Бұл туралы бүгін апталық брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Алматылық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, қаңтар айында техникалық қызмет көрсету стансаларының бірінің аумағынан «Leхus LX-470» автокөлігін ұрлаған 24 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, күдіктінің бұрын сол техникалық қызмет көрсету стансасында жұмысшы болып жұмыс істегені және ашық түрде автомашинаны ұрлап кеткені анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында автомашина табылып, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.