Куәгерлердің айтуынша, Лексус көлігі солтүстік бағытта келе жатқан.
«Жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатты. Рөлге ие бола алмаған болуы мүмкін. Көлігі сырғып барып, көше шамдарының бағанына соғылды», - деді оқиға куәгері.
Қатты соққыдан көліктің алдыңғы бөлігі бүктеліп қалған. Оқиға орнына құтқарушылар шақыртылып, майысқан темірлерді кесіп, ішінен жүргізушіні шығарған.
Жүргізушінің есін жимастан ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.