Алматыда «Лексус» пен «Субару» соғылып, 3 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Менделеев және Гурелев көшелерінің қиылысында «Субару форестер» мен «Лексус» көліктері соқтығысып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Субару көлігі Менделеев көшесімен батыстан, ал  «Лексус»  Гурелев көшесімен келе жатқан.  «Субару» жүргізушісі өткізу белгісін білдіретін жол белгісін елемей, «Лексуске» барып соғылған. Жол-көлік апатынан Лексус бір жағына ауып, төңкеріліп қалған. «Субару» көлігі екпінімен барып  жол шетінде тұрған «Ауди А-6» көлігіне соғылған.

Жол апатынан 3 адам жапа шеккен. Олар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.