Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, мегаполисте лифтке қатысты соңғы оқыс оқиға «Mega Towers» тұрғын үй кешенінде болды.
«Басқарушы компанияға 50 АЕК (153 150 теңге) көлемінде айыппұл салынды»,- деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, Алматыда «Mega Towers» тұрғын үй кешеніндегі лифт 25-қабатқа дейін бар жылдамдықпен көтеріліп, үйдің төбесіне соғылған болатын. Салдарынан жас жігіт зардап шекті. Қазақстан лифтшілері ұлттық қауымдастығының сарапшылары мен Алматы қаласының даму және коммуналдық инфрақұрылым басқармасының қызметкерлері бірлесіп лифтіге техникалық тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша лифтіге қызмет көрсететін «Л.» компаниясының қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу құқығына Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретін аттестаты және СТ-РК 3305-2018 лифтілері бойынша ұлттық стандартқа сәйкестігі туралы куәлігі болмағаны анықталды.
Жалпы, Алматыда жыл басынан лифт шаруашылығы нысандарына сегіз рет жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның үшеуіне айыппұл салынды.