«Біз конкурстың бірінші кезеңін аяқтадық. Таяуда екінші кезеңін жариялауды жоспарлап отырмыз. 2023 жылы Төле би көшесінде LRT-ны іске қоспақпыз. Оның қашықтығы 22,7 шақырымды құрайды, 35 аялдама болады», - деді Алматы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Қанат Байқоңыров Алматыдағы конференцияда.
Бұдан бұрын LRT желісінің құрылысын 2020 жылы бастау жоспарланғаны xабарланған болатын. Теxникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, жобаның инвестициялық құны: инфрақұрылым - 56 907 млн теңге (депо құрылысын қоса есептегенде), жылжымалы құрам - 36 512 млн теңге. Барлығы - 94 203 млн теңге.
Данияр Дауталиев