"Конференцияның негізгі мақсаты - Міржақып шығармашылығын жастарға насихаттау, "міржақыптану" ілімін жандандырып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, сонымен қатар Алаш зиялысының өмірдегі тағлымды жолын кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету", -дейді "Ел-шежіре" қоғамдық қорының төрағасы, жазушы, Алаш әдебиеті сыйлығының иегері Дидахмет Әшімханұлы.
Сонымен қатар ол келесі жылдан бастап осы мектепте оқитын 800-ге тарта оқушыға "Біз М. Дулатов мектебінде оқимыз" деген атаумен күнделік шығарып беретіндігін жеткізді. Соңғы 5 жылдың көлемінде "Ел-шежіре" қоғамдық қоры жанындағы "Орхон" баспасынан Алаш арыстарының 5 томдығы шығарылған екен. Жиын барысында Д. Әшімханұлы аталған 5 томдықпен қоса Алаш зиялыларына қатысты шыққан кітаптарды мектепке сыйлады. Сондай-ақ ол 1-2 аптадан кейін "Міржақов атаның базарлығы" деген суретті альбомды оқушылардың қолына табыс ететіндігін де айтып өтті.
Шара барысында қонақтар мектеп мұражайын аралап, М.Дулатовың өмірінен сыр шертетін жайттарға қанықты. Ал оқушылар өз кезегінде М.Дулатов шығармаларынан үзінділер оқып, ән-күйлерін тарту етті.